Энергетикалық аудит (энергия аудиті) - энергия үнемдеудің мүмкіндігі мен әлеуетін бағалау мен энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытындыны дайындау мақсатында энергетикалық ресурстарды пайдалану туралы деректерді жинау, өңдеу және талдау;
Мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, жылына бір мың бес жүз және одан да көп тонна шартты отынға балама көлемде энергетикалық ресурстарды тұтынатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері әрбір бес жыл сайын бір реттен сиретпей міндетті энергия аудитінен өтеді.
Мамандардың жұмыс тәжірибесі 8 жылдан астам;
Заманауи портативті жабдықтардың толық тізімі;
Энергия аудитін қаншалықты жиі өткізу керек?
Мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, жылына бір мың бес жүз және одан да көп тонна шартты отынға балама көлемде энергетикалық ресурстарды тұтынатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері әрбір бес жыл сайын бір реттен сиретпей міндетті энергия аудитінен өтеді.
Энергия аудитін кім жүргізе алады?
Энергетикалық аудитті жүргізуге құқылы заңды тұлғалар - энергия-аудиторлық ұйым ("Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" Заңының талаптарына сай болған, және уәкілетті органды энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында энергия аудитін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабардар еткен заңды тұлғалар).
Энергия аудит қызметі қанша тұрады? Энергоаудит цена
Энергия аудиті энергетикалық аудит ережелерімен реттелетін жұмыс болып табылады. Қызметтердің құнына көптеген факторлар әсер етеді: зерттелетін объектілердің саны, олардың энергия сыйымдылығы және негізгі жабдықтары мен орналасуы. Әркім жұмысты еңбек шығындары және соған байланысты іссапар мен іскерлік шығындар тұрғысынан бағалайды. Объективті бағалау үшін энергетикалық аудит объектісі туралы ақпарат беру және ең бастысы техникалық тапсырманы ресімдеу қажет. Егер сізге техникалық тапсырманы құрастыру қиын болса, оны энергетикалық аудитормен бірге жасап, жұмыс көлемін анықтау керек. Сонда ғана қызметтердің құнын бағалауға болады. Және екі жаққа да тиімді келісімге келіңіздер!
Біздің жұмыс тәжірибеміз
"Алматы халықаралық әуежайы" АҚ
"Алатау-Құс"
құс фабрикасы
"Алель Агро"
құс фабрикасы
Көкшетау Жылу
Forte Bank
Көксу қант зауыты
Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ
"БЕНТ" ЖШС